16.01.2020 ж. округ әкімі У.Кусаинов жоспар бойынша Шағатай  ауыл тұрғындарымен кездесіп, округтің әлеуметтік –экономикалық дамуының қорытындысы және 2019 жылы атқарылған жұмыстарының есептік кездесуі өтті. Аталған кездесуге аудан әкімі Ә.Жоламанов, аудандық маслихат хатшысы Ә.Нұрғалиев  және аудандық бөлім басшылары қатысты.Халықты толғандырған сұрақтарына тиісті  жауаптары беріліп,шешілмеген мәселелер хаттамаға енгізілетіндігі айтылды. Кездесу соңында  аудан әкімі Ә.Жоламанов және бөлім басшылары жеке қабылдау жүргізді.