Шағатай ауылдық округінің әкімі Кусаинов Уразбек Кенжебаевичтің Қызылжар және Қоғалытүбек елді мекендерінде халық алдында есеп беру кездесуі болып өтті.

Кездесуге Теректі ауданы әкімінің орынбасары Досмақов Ержан Нұржанұлы, Шағатай ауылдық округінің депутаты Сагидуллин Арман Рахметоллаұлы және Нұр Отан партиясы Теректі аудандық филиалының төрағасы Ибраев Мирхат Мақсотұлы қатысты.

Қызылжар елді мекенінде көтерілген өзекті мәселе – мал моласының қажеттігі.

Қоғалытүбек ауылында көтерілген өзекті мәселе – ауыл ішіндегі трансформаторды (КТП) жаңарту немесе ауыстыру.

 

 

.