Шағатай ауылдық округі  облыс орталығынан  110 шақырым, аудан орталығынан - 145 шақырым қашықтықта орналасқан. Округке қарасты  жер аумағы 75000 га. Округте орналасқан елді мекен саны – 5. 2020 жылдың  1 қаңтарына аула саны – 447, халық саны – 2001 адам. Ұлттық құрамы: қазақтар – 1891, орыстар – 88, украиндар – 8, татарлар – 8, белорустар – 2, басқа ұлт өкілдері – 3 адам.

Бюджет:

2019 жылға бекітілген бюджет сомасы 27 млн. 718 мың теңге. Игеру пайызы – 100.  

Жергілікті салық:

2019 жылға жалпы салық жоспары-2 млн. 151 мың теңге.Бүгінгі күнде барлық жиналып тұрған салық сомасы- 2 млн. 331 мың теңге, орындалуы- 108% 

Агроөнеркәсіп кешен:

ЖШС саны – 1. Шаруа қожалықтарының саны – 12. Жеке кәсіпкерлер саны – 29. Округ бойынша мал басы мен құс саны:

Соңғы жүргізген санақ нәтижесі бойынша округтегі мал басы: ІҚМ – 4219, қой-ешкі – 6894, жылқы – 1814, құс – 1274

Округ бойынша 347 аула мал ұстайды. Осы мал ұстайтын аулалардың барлығы 100%  мал азығымен қамтылған.   

Әлеуметтік қорғау және еңбекпен қамту:

Округ бойынша 2019 жылы  атаулы әлеуметтік көмек алғандар 49 отбасы. 48 отбасы шартты, 1 отбасы шартсыз атаулы әлеуметтік көмек алды.  Халықты жұмыспен қатмуға жәрдемдесудің белсенді шаралары бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішінен 7 адам жұмыссыз ақылы қоғамдық жұмысқа жолданып, 4 адам мерзімдік, 4 адам тұрақты жұмысқа орналасса, 2 адам қысқа мерзімдік оқуға жолданып, қазіргі уақытта сол мамандығы бойынша жұмыс жасауда. Жастар тәжірибесі бойынша жоспар бойынша 6 адам.Бүгінгі күнде 11 адам жолданып, оның 2-уі тұрақты жұмысқа орналысты. 

2019 жылы барлық әлеуметтік көмек 48 отбасыға берілді.

Газдандыру саласы:

Округтегі әлеуметтік нысандардың барлығы газбен қамтылған. 447

 тұрғын үйдің 176 газдандырылған, бұл  39% құрайды. Биылғы жылы 50 отбасы көгілдір отынды өткізді.

Білім беру:

 Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылар саны – 192, мектепте штат бойынша 81 ( соның ішінде 41 мұғалім) адам жұмыс жасайды. Мектепте 15 пән кабинеті, сонымен қатар спорт залы, кітапхана, асхана, жиналыс залы орналасқан. Мектептегі компьютерлердің жалпы саны – 45, соның ішінде интернетке қосылғаны – 2.Бейнекамера мектептің 20 қажетті жеріне орналасқан.

«Бөбек» бөбекжайы. Штат саны барлығы – 31, соның ішінде – 6 тәрбиеші, саз маманы – 1, әдіскер – 1, психолог – 1, орыс және ағылшын тілі мұғалімі. Тәрбие алушы бала саны – 51.

Денсаулық сақтау:

Денсаулық сақтау объектісінің саны-4(1-СВА,1-медпункт және 2 ФАП).Штат бойынша 26 адам жұмыс жасайды.

Мәдениет және спорт:

  Округте бір Мәдениет үйі,бір ауылдық клубы және 3 кітапхана жұмыс жасайды.Штат бойынша барлығы 14 адам жұмыс жасайды (2 маман).

Қоғамдық тәртіп:

2019 жылы тіркелген қылмыс - 17, оның ішінде ашылмағаны-3.Ашылу деңгейі-82%

Санитарлық жағдай:

Округ бойынша 1800 тонна күл-қоқыс шығарылды соның ішінде жыл басынан бастап 16 сенбілік ұйымдастырылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Өткен жылы салынған объектілер- Қоғалытүбек ауылына балаларға арналған ойын – сауық алаңы және МҮ, Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББ мектебінің алдындағы саябақт қоршалды.