Елбасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» атты 9-міндетін орындау мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің «Адал жол – Честный путь» жобасы аясында аудандар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон өткізілуде.Осыған орай ауылымызда "Сыбайлас жемқорлыққа жол  жоқ" атты дөңгелек  үстел оздырылды.


Шараға Мәдениет үйі қызметкерлері,Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ мұғалімдері және "Шағатай  ауылдық  округі әкімінің аппараты" ММ-нің қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында жемқорлық, оның алдын алу мен болдырмау, салдары және жемқорлықтың шығу негіздері жайлы түсініктер беріліп, баяндама оқылып, ой пікірлер айтылды. Сонымен бірге біздің елімізде жемқорлыққа қарсы күрес негіздері талқыға салынды. 


Кездесу барысында қатысушыларға «Пара берсең жазаланасың» деген жаднамалар таратылды.
#Адалжол#Честныйпуть#Теректіауданы#Теректинскийрайон#2018#сыбайласжемқорлыққақарсымыз