Бүгін Шағатай ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен  "Ата-асқар тау" деп аталған мерекелік шара оздырылды.


Шараны ұйымдастырудағы мақсат - жастардың бойына халқымыздың бойындағы ерекше  қадір-қасиеттердің бірі - үлкенді сыйлай білуге,  ата-ананың тәлім- тәрбиесі мен аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу. Көненің көзіндей болған ауылдың қазыналы қарияларының, өз заманында елі мен халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істерін ұмытпауды дәріптеген бүгінгі қоғам қарттарымызға ұдайы қөңіл бөліп, олардың бос уақытын тиімді, мағыналы да мәнді өткізуіне көңіл аударып, үкімет тарапынан жан-жақты қамқорлық жасауды қолға алғаны қуанарлық жайт. Бүгінгі Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбіт,  тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан, осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа таусылмас қазына. Санаулы күндерден кейін тойланатын, саналы ғұмырын "Отан. Елім. Жерім"  деп тынымсыз еңбегімен мемлекетіміздің негізін салуға жол салған алдыңғы буын ата- әжелеріміздің төл мерекесіне арналған шаралар басталып та кетті.